Accessibility links

Еуропа Одағы Ауғанстанды адам құқығы жағдайын жақсартуға шақырды


Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Ауғанстанды адам құқығы жағдайын жақсартуға шақырды. Брюссельдегі жиналыста, Еуроодақ министрлері Ауған үкіметі өлім жазасына тез арада мораторий жариялауы тиіс деп мәлімдеді. Атап айтқанда, Еуропа ресмилері ауғандықтарды жас журналистке шығарылған өлім жазасын іске асырмауға шақырды. Сонымен қатар, министрлер Ауған үкіметін елде жемқорлықпен күресетін тәуелсіз мекеме құруға шақырды.
XS
SM
MD
LG