Accessibility links

Тәжікстанның Жоғарғы соты Хизб ут-Тахрирді "экстремистік ұйым" деп тапты


Елдің Бас прокуроры Бободжон Бобхоновтың сұрауына қатысты берген жауабында Жоғарғы сот исламдық Хизб ут-Тахрир тобын экстремистік ұйым деп атады. Жоғарғы сот сондай-ақ аталған ұйымның интернеттегі веб-сайтының Тәжікстан территориясында жұмыс істеуіне тиым салынсын деген шешім қабылдады. Хизб ут-Тахрирдің аудио, видео жазбалары да, түрлі әдеби жазба дүниелері де Тәжікстан шекарасына өткізілмейітн болды. Хизб ут-Тахрир әлемде халифат орнатқысы келеді. Бірақ ол мақсатымызға қақтығыстар мен шабуылдар арқылы жеткіміз келмейді дейді ұйым өкілдері.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG