Accessibility links

Бір топ азамат Біріккен Ұлттар Ұйымын Ирақты өз бақылауына алуға шақырды


Ирақтағы бір топ тайпа басшылары мен зиялылар және бұрынғы саясаткерлер Біріккен Ұлттар Ұйымын Ирақты өз бақылауына алуға шақырып отыр. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мунға жолдаған хатында аталған топ егер Ирақ БҰҰ-ның бақылауына берілсе, бұл - елдің саяси үдерісін дұрыс бағытта ұстауға көмектеседі деген. 2003 жылы БҰҰ-ның ғимараты жанында болған жанкештілік шабуылдан аталған ұйымның бір өкілі мен ондаған адам қаза тапқан соң бұл халықаралық ұйым Ирақтағы іс-әрекеттерін айтарлықтай қысқартқан болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG