Accessibility links

АҚШ елшісі Минскіден Вашингтонға қайтып кетті


АҚШ-тың экономикалық санкцияларына орай дипломатиялық дау шыққан соң, Беларустегі АҚШ елшісі Минскіден Вашингтонға қайтып кетті. Елшіліктің Интернеттегі парақшасында дипломат Карен Стюарттың АҚШ-қа ұшып кеткендігі расталған, бірақ оның Минскіге қашан оралатыны жөнінде ешнәрсе айтылмаған. Өткен аптада Беларус Вашингтоннан өз елшісін шақыртып алып, АҚШ елшісін Минскіден кетуін сұраған еді. Беларус Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бұл қадам Беларустің мемлекеттік “Белнефтехим” компаниясына Вашингтон тарапынан жаңа шектеулер енгізілген соң жасалып отыр.
XS
SM
MD
LG