Accessibility links

Жұма күні НАТО Бас Хатшысы Косовоға барады


НАТО Бас Хатшысы Яап де Хооп Схеффер жұма күні Косовоға баруды жоспарлап отыр. Бұл НАТО басшысының Косовоның Сербиядан тәуелсіздік жариялағаннан бергі алғашқы сапары болмақ. НАТО өкілі Джеймс Аппатурай бас хатшысы ертең Косово басшыларымен кездеседі деді. Яап де Хооп Схеффер сондай-ақ Косоводағы 16 мың жасағы бар НАТО қолбасшыларымен кездеседі деп жоспарланып отыр. Және ол Косоводағы серб азшылық топтарының жетекшілерімен кездеспекші.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG