Accessibility links

Бүгін Cербия президенті парламентті таратып, сайлаулар өткізуге шақырды


Бүгін Сербия президенті Борис Тадич парламентті таратып, сайлауды мамырдың 11-де өткізуге шақырды. Мұндай қадамға ел жетекшісі сенбі күні коалициялық үкімет таратылған соң келіп отыр. Премьер министр Воислав Коштуница Косовоға қатысты саясатқа байланысты министрлер арасында туындаған пікірқайшылықтан кейін орнынан кеткен болатын. Коалициялық үкіметтегі батысшыл министрлер Косовоны мойындағаны үшін Еуропа Одағына қосылу келіссөздерінен бас тартпайтындықтарын білдірген.
XS
SM
MD
LG