Accessibility links

Жаңадан сайланған Армения президенті Таулы Қарабах мәселесін талқылауға дайын


Жаңадан сайланған Армения президенті Серж Саркисян Әзірбайжан президенті Илхам Әлиевпен Таулы Қарабах мәселесін талқылауға дайын. Бұл туралы Армения сыртқы істер министрі Вардан Осканян хабарлады. Оның айтуынша, бұл дауға байланысты делдалдық жасап отырған Франция мен Ресей және АҚШ мемлекеттері осындай кездесуге шақыруда. Мұндай келіссөздер келесі айда Бухарестте НАТО саммиті барысында өткізілуі мүмкін, дейді Осканян.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG