Accessibility links

Еуропа Одағы ғаламдық ауа райының құбылуымен шындап күреспекші


БРЮССЕЛЬ: Еуропа Одағының Брюссельге жиналған лидерлері бүгін ғаламдық ауа райының құбылуына қатысты құжатты пысықтауға тиіс. Бірінші күнгі отырыстан кейін Словения премьер-министрі Янез Янса мәлімдегендей, барлық 27 лидер де Еуропаның энергетика нарығын бөлшектеу және ауа райының құбылуына қарсы шара туралы құжаттардың жиынтығын маусым айында және табиғи қуат көздері туралы құжатты желтоқсан айында қабылдауға келісті. Жоспарға сәйкес, Еуроодақ ауаға тарайтын улы газды 2020-сыншы жылға қарай 20 пайызға азайтып, желден, күн сәулесінен және т.б. көздерден өндірілетін электр қуатының үлесін арттыруда көздейді.
XS
SM
MD
LG