Accessibility links

“Әл-Қаида” тобы Ирақтағы католик шіркеуінің архиепископын өлтіріп кетті


МОСУЛ: Бүгін Ирақта Мосул қаласындағы автономиялық халдей католик шіркеуінің басшысы, архиепископ Паулос Фарадж Раххомен қоштасып жатыр. Оның мәйіті кеше қаланың шетінен табылды. Оның алдында архиепископты 2 аптадай бұрын ұрлап алып кеткен кісілер мәйіттің қайда жерленгенін хабарлады. Оған Мосул қаласының іргесіндегі Кремлиш мекенінде дұға оқылды. Бағдадтағы АҚШ елшілігі мен АҚШ армиясының басшылығы бірлескен мәлімдемесінде архиепископтың қазасы үшін жауапкершілікті “Әл-Қаида” тобына жүктеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG