Accessibility links

Ирандағы бүгінгі сайлау президент М.Ахмадинеджадтың беделі түскенін байқатады


ТЕҺРАН: Бүгін Иранда кезекті парламент сайлауы өтіп жатыр. 290 депутаттық мандат үшін консервативтік 2 топ пен реформашыл саясаткерлердің коалициясы таласуда. Алайда, сайлау қарсаңында реформаторлардың қатары айтарлықтай сиреп қалды. Ирандағы әділет мекемесінің жоғарғы басшылығы болып табылатын Ислам төңкерісі сақшыларының Кеңесі 1700 үміткерді дауысқа түсуден аластатты. Соның салдарынан реформашылдарға барлық мандаттың 1/3-іне ғана ғана таласу мүмкіндігі беріліп отыр. Сарапшылардың атап көрсетуінше, бұл сайлау президент М.Ахмадинеджадтың беделі түскенін көрсетуге тиіс.
XS
SM
MD
LG