Accessibility links

“Кеңлік” мұнай кен көзіндегі өрт осымен 6-ншы күн жалғасуда


ҚЫЗЫЛОРДА: Қызылорда облысының Кеңлік кен көзіндегі апатқа қарсы күрес әлі жалғасуда. Ол туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап “Қазақстан бүгін” агенттігі хабарлайды. Кешегі кешкі сағат 8-де от жалынының биіктігі 30 метр, ені 35-40 метр болған. Өртті сөндіруге 14 адам мен 14 арнайы техника жұмылдырылған. 9-наурыз күні сағат 02.30-да “Кеңлік” кен көзінен газ аралас мұнай шикізаты фонтан болып атқылап, сол сәтте шыққан өрт 1 аптадай уақыт сөнер емес. Мұнай көзіндегі бұрғылау жұмысын “Сырдария Мұнай” компаниясы жүрігіп келген.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG