Accessibility links

НАТО-ның Бас хатшысының сапары алдында Косово сербтері тағы бүлік шығарды


КОСОВСКА-МИТРОВИЦЕ: Косовоның солтүстігіндегі Косовска-Митровице қаласында 200-ге жуық серб БҰҰ сотының ғимаратын басып алып, оның шатырына Сербияның туын тікті. Косово өз бетінше тәуелсіздігін жариялаған сәттен бері Митровицедегі соттың маңайында өлкенің Сербиядан бөлінуіне қарсы жергілікті сербтер күн сайын наразылық шараларын өткізіп келеді. Бүгін НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер осы қалаға келіп, жергілікті билік өкілдерімен және бітім күштерінің басшылығымен кездесуге тиіс.
XS
SM
MD
LG