Accessibility links

Иран ядролық бағдарламасына қатысты әлем елдерімен келіссөздерден бас тартты


Бүгін Иран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты әлемнің жетекші елдерімен келіссөздер жүргізуден бас тартатынын нақтылап, тек БҰҰ-ның Атом Энергиясы жөніндегі агенттігі МАГАТЭ-мен ғана келіссөз өткіземіз деп отыр. Үкімет өкілі Голам Хоссейн Ельхамның айтуынша, Техран Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері Құрама Штаттар, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Германия елдерімен келіссөздер бітті деген. Бұл елдер Иранды уран байытуды тоқтатуға шақырып келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG