Accessibility links

Косоводағы БҰҰ-ның басшысы Митровицада тәртіп орнатуға шақырып отыр


Косоводағы БҰҰ миссиясының басшысы Иоахим Рюкер Косовоның солтүстігіндегі этникалық бөлінген Митровица қаласындағы 200-ге жуық сербтің БҰҰ сотының ғимаратын басып алып, оның шатырына Сербияның туын тіккен соң, полицияға заң мен тәртіп орнатуға тапсырма берді. Бұл сербтердің төтенше жағдайы НАТО Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффердің Косовоға келер алдында болған. Бас хатшы кейін Косово ресмилерімен кездесті, бірақ Косово сербтері онымен кездесуден бас тартты. Митровицедегі сотты басып алу оқиғасы Косовоның Сербиядан бөлінуіне қарсы жергілікті сербтердің наразылық шерулері жалғасқан тұста болып отыр.
XS
SM
MD
LG