Accessibility links

Иран сайлауында Ахмеджинежадтың жақтастары басым дауыс жинады


Иранның парламенттік сайлауының алдыңғы қортындылары президент Махмуд Ахмединежадпен одақтас радикалды консервативтер басым дауыс алғанын көрсетіп отыр. Мемлекеттік телеарнадан айтылған хабарға қарағанда, 115 сайлау учаскесіндегі есептер радикалды консервативтер 42 орынды, бір қалыпты консервативтер 28 орын, ал реформашылдар 16 орынды жеңгенін көрсетті. Сонымен қатар тағы тәуелсіз үміткерлер 29 орынды иеленіп отыр. Сөйтіп, парламенттегі барлығы 290 орын бойынша өткен сайлаудың соңғы қортындысы әлі шыққан жоқ. Реформашылар сайлау әділ өтпеді, бұрмалаушылықтар болды деп отыр.
XS
SM
MD
LG