Accessibility links

Журналист Гонгадзе өліміне қатысты үш офицер сотталды


Кеше Украина соты 8 жыл бұрын өлтірілген журналист Георгий Гангадзенің өліміне байланысты үш полиция офицерін соттады. Оның біреуі 13 жылға, қалған екеуі 12 жылға бас бостандықтарынан айрылды. Журналистік зерттеу жүргізуші болған Гонгадзенің мәйіті 2000 жылдың қарашасында Киев маңындағы орман ішінен басы кесілген күйі табылған. Біраз жылғы тергеулерден кейін де полиция тапсырысты кім бергенін анықтай алмады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG