Accessibility links

Сайлауда Ахмединежад жақтастары алда келеді


Ирандағы сайлаулар қортындысы басынан-ақ президент Ахмединежадттың одақтастары парламенттен көп орынды иеленгенін көрсеткен. 290 орындық парламенттің 67 орнын радикалды консервативтер жеңіп отыр. Ал, 46 орынды ұстамды консервативтер, 30 орынды реформашылдар алып, сайлауға тәуелсіз түскен үміткерлер 42 мандатты иеленді. Бүгін Техранда Иран сыртқы істер министрі Мохаммед Али Хуссейни «сайлауда жеңіліске ұшырағандар, сөзсіз, американдықтар, жаппай халық пен елдегі жастар нағыз жеңіске жеткендер» деді. Реформашылдар мен тәуелсіз бақылаушылар сайлау әділ өтпеді, көптеген бұрмалаушылықтар болды деп отыр.
XS
SM
MD
LG