Accessibility links

Шеттегі Тибет үкіметі Лхасада 80 тибеттік қаза тапты дейді


Тибеттің қуғындағы үкіметі Қытай билігі мен тибеттік шерушілер арасындағы қақтығыстан 80 адам қаза болды деп отыр. Үндістанда орналасып, өз-өздерін үкімет деп жариялаған қуғындағы Тибет үкіметінің өкілі Тхубтен Сампхелдің айтуынша, қақтығыста тағы 72 адам жараланған. Қытай болса жұма күні тибеттіктер қытайлықтарға тас лақтырып, ғимараттарға өрт қойғанда 10 адам қаза тапты деген. Тибеттіктер 20 жылдан кейін аймаққа Бейжиннің билік жүргізіп отырғанына наразылық танытып шыққан. Бүгін Тибет астанасы Лхасадағы жағдай тынышталғандығы айтылуда. Батыс елдері бұл қақтығыстарға алаңдаушылық білдіріп, АҚШ ресмилері Қытайды шерушілерге қарсы әрекеттерін шектеуге шақырған.
XS
SM
MD
LG