Accessibility links

АҚШ вице-президенті Ираққа келді


Бүгін АҚШ вице-президенті Дик Чейни күтпеген жерден Ираққа келді. Ол Бағдадта Ирақ премьер-министрі Нури әл-Мәлики, АҚШ қолбасшысы генерал Дэвид Петреус, АҚШ елшісі Райан Крокермен кездесіп, келіссөздер өткізді. АҚШ вице-президенті ирақтықтарды қолдауда АҚШ міндеттемесін қайта растау үшін Ираққа келгендігін атап көрсетті. Наурыздың 20-ы күні АҚШ-тың Ирақты басып алғанына 5 жыл толады.
XS
SM
MD
LG