Accessibility links

БҰҰ-ның полициясы Косоволық Митровицадан кетуге мәжбүр болды


Жергілікті тұрғындармен арада қақтығыс орын алған соң БҰҰ-ның полициясы Косоволық Митровица қаласының сербтер тұратын ауданынан кетуге мәжбүр болды. Хабарларға қарағанда, БҰҰ полициясы НАТО бітімгершілік күштерінің қолдауымен халықаралық сот ғимаратын өз бақылауына алған соң, бүгін қақтығыстар басталған. Оның салдарынан БҰҰ-ның 20-дан астам полиция қызметкері мен кемінде 8 НАТО сарбазы жарақат алды деп хабарланып отыр. Полиция көзден жас шығаратын газ атып, наразылық танытушыларды қуып тарқатқан. Халқының басым көпшілігі албандар боп табылатын Косово осыдан бір ай бұрын Сербиядан өз тәуелсіздігін жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG