Accessibility links

Тибет толқуының күшпен басылғанына бола Пекин Олимпиадасына бойкот жасалмайды


Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Жак Рогге Тибетте жаппай толқудың күшпен басылғанына орай Пекин Олимпиадасына бойкот жасау туралы сөз жоқ, мұндай үндеу еш бір үкіметтен түскен жоқ деді. Олимпиада ойындары Қытайда тамыз айында өтеді. Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Еуропа Одағы және бір қатар ықпалды елдің үкіметтеріне сілтеме жасап, олар бойкот мәселені шешпейді деп айтқан дейді. Ресей үкіметі мен АҚШ Олимпиада комитеті Тибет оқиғаларына бола Олимпиадаға бойкот жасамаймыз дейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG