Accessibility links

Пан Ги Мун Қытай үкіметін және Тибет белсенділерін сабырлыққа шақырды


Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мун Қытай үкіметін және Тибетте демонстрация өткізіп жүрген адамдарды сабырлыққа шақырды. Пан Ги Мун бейбіт келісім қажет десе де, Біріккен Ұлттар Ұйымы ереуілдің күшпен басылғанына араласа ма, жоқ па, ол жағын айтқан жоқ. Тибет белсенділері Қытай өктемдігіне наразылық танытуда. Өткен аптада Тибет астанасы Лхасада ереуіл кезінде ондаған адам қаза тапты. Қытай үкіметі бүлік салдарынан кемінде 13 жергілікті тұрғын қаза тапты, олардың өліміне әскер айыпты емес дейді.
XS
SM
MD
LG