Accessibility links

Пан Ги Мун Митровица қаласындағы қақтығысты айыптады


Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мун Косовоның Митровица қаласының солтүстігінде қақтығыс болғанына өкініш білдірді. Косовска Митровицада ұлттық азшылық құрайтын сербтер кеше халықаралық полиция мен бітімгершілік жасағымен қақтығысты. Мұның салдарынан 60 шақты сарбаз және наразылық танытқан 70-тен астам адам жарақат алды. Біріккен Ұлттар Ұйымының полициясы осы ұйымға бағынатын сот үйіне үш күн бұрын кіріп алған сербтерді қуып шықпақ болған. Осы сәтте қақтығыс шықты. НАТО ұйымының өкілі Джеймс Аппачурай қақтығысты айыптаймыз деді. Еуропа Одағы тараптарды сабырлыққа шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG