Accessibility links

"Центркредит" банкін Оңтүстік Кореяның ең үлкен банкі сатып алады


Қазақстандағы ірі банктердің бірі "Центркредит" банкін Оңтүстік Кореяның ең үлкен банкі "Коокмин банк" сатып алатын болды. Бұл туралы кеше Сеул қаласында ресми жарияланды. "Центркредит" банкі – Қазақстандағы коммерциялық банктердің арасында сегізінші орында. Оңтүстік Кореялық банк оның 30 пайыз акциясын 634 миллион долларға сатып алмақ. Бұдан кейін оңтүстік кореялық банк "Центркредит" банктің тағы да 20 астам пайыз акциясын сатып алып, толық бақылау орнатпақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG