Accessibility links

Косово сербтері БҰҰ мен НАТО күштеріне қарсы қол гранаттарын қолданды


КОСОВСКА-МИТРОВИЦЕ: Кеше Косовоның Митровице қаласындағы қақтығыста жарақат алған украиналық полицей көз жұмды. Бұл – Косовоның осыдан 1 ай бұрын тәуелсіздігін жариялауынан кейінгі ең ірі қақтығыс болды. Оның барысында БҰҰ-ның полициясы мен НАТО күштерінің 60-тан астам өкілі және наразылық шеруіне шыққан 70-тен аса жергілікті серб түрлі жарақат алды. БҰҰ мен НАТО-ның мәліметтері бойынша, сербтер қол гранаттарын қолданып, тіпті атыс болғаны туралы хабар шықты.
XS
SM
MD
LG