Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы мен қорғаныс министрі Ресейлік оппозиция өкілдерімен және үкімет мүшелерімен кездесті


МӘСКЕУ: Бүгін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Мәскеуде Ресей оппозициясының өкілдеріне жолықты. Кездесуге “Яблоко” партиясының серкесі Г.Явлинский мен Мемлекеттік думаның бұрынғы депутаты В.Рыжков қатысты. АҚШ қорғаныс министрі Р.Гейтстің көз алдында өткен бұл кездесудің барысында не әңгіме болғаны беймәлім. Оның ізінше К.Райс пен Р.Гейтс зымырандық соққыдан қорғану және стратегиялық қаруды азайту проблемаларын талқылау үшін Ресейдің сыртқы істер мен қорғаныс министрлері С.Лавровпен және А.Сердюковпен жүздесті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG