Accessibility links

Токио Косовоның тәуелсіздігін де мойындады, Сербиямен да дос болғысы келеді


ТОКИО: Бүгін Жапонияның сыртқы істер министрлігі Косовоның тәуелсіздігін мойындайтынын жариялап, Косовоның тәуелсіздігі Балкандағы саяси тұрақтылықты нығайтуға өз үлесін қосады деген үмітін білдірді. Осы мәлімдемеде ресми Токио, сонымен қатар, Сербиямен арадағы достық қарым-қатынасының жалғаса беруіне сенім білдіреді. Косовоның осыдан 1 ай бұрын жариялаған тәуелсіздігін әлемнің 26 елі, соның ішінде АҚШ пен Ұлыбритания мойындап үлгерді.
XS
SM
MD
LG