Accessibility links

Тибетте кемінде 80 шерушінің қанын төккен Қытай оған Далай-ламаны айыптайды


БЕЖИН: Қытай басшылығы Тибеттің рухани серкесі Далай-ламаны осы өлкеде таяуда болған халық толқуына астыртын жетекшілік етті деп айыптады және Тибеттің астанасы – Лһасадағы халық толқуын басу үшін күш қолданғанын теріске шығарды. Қытайдың мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябао Тибеттегі геноцид туралы Далай-ламаның мәлімдемесін жалған деп атады. Далай-ламаның өкілі Тензин Таклха Цзябаоның “қантөгісті ұйымдастырды” деп айыптауына ешқандай негіздің жоқтығын атап көрсетті. Ресми Бежин Лһасадағы шерудің барысында кем дегенде 13 адам қаза болды десе, Тибеттің қуғындағы үкіметі Қытайдың күш қолдануынан аз дегенде 80 кісінің мерт болғанын мәлімдеп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG