Accessibility links

Өзбекстанға кіріптар болып отырмау үшін Қазақстан Көксарай су қоймасын салады


АСТАНА: Қазақстан үкіметі Сырдарияның бойына жобалық құны 220 млн. доллар тұратын “Көксарай” су қоймасын салу туралы қаулы қабылдады. Жергілікті тілшіміз Бауыржан Шаяхмет хабарлағандай, бүгін болып өткен үкімет мәжілісінде премьер-министр К.Мәсімов осылай деп мәлімдеді. Үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, Өзбекстан халықаралық ережелерді өрескел ұзып, Сырдарияның өз жеріндегі жағалауына бірнеше су қоймасын салып алған, ал Қазақстан көршісіне кіріптар болып келді. Бүгін К.Мәсімов: “Көксарай су қоймасын салу туралы шешім қабылданды. Үкіметтің қажетті деген барлық шешімін әзірлеуді және қойылған барлық мәселені 1 айдың ішінде шешуді тапсырамын. Бізге құрылысты биыл бастау керек”, деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG