Accessibility links

Ресми Вашингтон мен Мәскеу тағы да уәжге келе алмады


МӘСКЕУ: Зымырандық шабуылдан қорғану мен стратегиялық шабуылдау қаруларын қысқарту мәселелері бойынша Ресей мен АҚШ уәжге келе алмады. Бүгін Мәскеуде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райспен өткізген келіссөзінің ізінше өткізген баспасөз-маслихатында Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров осылай деп мәлімдеді. Келіссөзге Ресей мен АҚШ-тың қорғаныс министрлері А.Сердюков пен Р.Гейтс те қатысты. Тараптар келіссөзді жалғастыруға уағдаласты. АҚШ-тың зымырандық шабуылдан қорғану жүйесінің элементтерін Чехия мен Польшаға орналастыру жоспарын өзінің қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп есептеген Ресей оған түбегейлі қарсы.
XS
SM
MD
LG