Accessibility links

Тибетте Қытайдың қауіпсіздік күштерінің тепкісінен қаза болғандардың саны 99-ға жетті


ДҺАРАМШАЛА. ҮНДІСТАН: Тибеттің қуғындағы үкіметі Қытайдың Ганьсу провинциясында наразылыққа шыққан жұрт пен Қытайдың қауіпсіздік күштері арасындағы бүгінгі қақтығыста тағы 19 адамның қаза тапқанын және өткен аптада басталған наразылық ереуілінің барысында құрбан болғандардың жалпы саны 99-ға жеткенін мәлімдеді. Ал Қытай үкіметі Тибеттегі толқудың барысында көп дегенде 13 кісі қаза тапты деп мәлімдеді. Тибет астанасы – Лһасадағы ереуіл Қытайдың 1959-ыншы жылы орнатқан үстемдігіне қарсы 10-ыншы наурыз күні басталып, Қытайдың бірқатар басқа провинциясына да жайылды. Бүгін Тибеттің рухани серкесі Далай-лама егер өлкедегі ахуал шектен шығатын болса, онда Тибеттегі саяси ахуалды үйлестіруден толығымен бас тартатынын ескертті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG