Accessibility links

"Хьюман райтс уотч" ұйымы Тибетте жүздеген адам қамалды дейді


"Хьюман райтс уотч" адам құқықтарын қорғау ұйымы Қытай үкіметіне қайырылып, Тибетте бүлік кезінде ұсталған адамдардың жағдайын тәуелсіз бақылауға рұқсат беруге шақырды. Нью-Йорк қаласында орналасқан "Хьюман райтс уотч" ұйымы дәйектелмеген мәліметтерге қарағанда, Тибетте жүздеген адам қамалды дейді. "Хьюман райтс уотч" ұйымы Қытай арнайы орындары саяси белсенділерді азаптайды, бұл дәлелденген, сондықтан Тибетте қамалған адамдардың жағдайына алаңдаймыз дейді. Тибеттің шеттегі үкіметі қақтығыстарда 100 шақты адам өлтірілді, бұл жайында айғақ бар дейді. Бүлік аймағына шетел журналистері жіберілмей жатыр, оған Қытай үкіметінің рұқсаты керек делінеді.
XS
SM
MD
LG