Accessibility links

Қытай Тибеттің рухани көсемі Далай Ламамен "өмір емес, өлім үшін күрес" жүргізуде дейді Тибет коммунистерінің жетекшісі


Бұндай мәлімдемені Тибет коммунистік партиясының хатшысы Джанг Қингли жасаған. Қытай басшылары Тибеттің қуғындағы рухани көсемі Далай Ламаны Тибеттегі толқуды ұйымдастырып, тамыз айында Қытайда болатын Олимпиада ойындары қарсаңында бұл мәселеге әдейі назар аудартып отыр деп айыптады. Далай Лама бұл айыптауларды жоққа шығарып, Тибеттегі қақтығыстарды тоқтатуға шақырды. Қытайдың Олимпиада ойындары комитеті президентінің орынбасары Тибеттегі жағдай Олимпиада алауын жағуға кедергі бола алмайды, ол жоспарланған уақытында өтеді деп айтқан. Адам хұқтарын қорғаушылар Қытай Тибеттегі наразылықтарды басып-жаншып жатыр, Бейжінде Олимпиада өткізілмесін деген талаптар қойған болатын.
XS
SM
MD
LG