Accessibility links

Буш Косовоға әскери қолдау танытуды мақұлдады


АҚШ президенті Джордж Буш Косово билігіне әскери көмек беруді мақұлдады. Бұл қадамдар Косовоның Сербиядан бөлініп тәуелсіздік жариялағанынан кейін болып отыр. Ақ Үйдің айтуынша, мұндай көмек Құрама Штаттардың Косовомен қауіпсіздік байланыстарын күшейтетін болады. Және Балқандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдап, Косовоның бітімгершілік әрекеттердегі мүмкіндігін жақсартуға бағытталып отыр. Құрама Штаттар 17-ші ақпанда тәуелсіздік жариялаған Косовоны бірінші болып мойындаған елдер қатарында.
XS
SM
MD
LG