Accessibility links

Далай Лама Қытаймен келіссөзге дайын


Бүгін Далай Лама егер Қытай дайын болса өзінің Қытай жетекшілерімен келіссөздер өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Тибеттің рухани жетекшісі Далай Лама әсіресе өзінің Қытай президенті Ху Дзиньтаомен сөйлесуге дайындығын білдірді. Қытай Тибеттегі билікке қарсы қақтығысты көтерілісті Үндістанда орналасқан қуғындағы үкімет ұйымдастырып отыр деп Далай Ламаны айыптаған. Бүгін Далай Лама мекендейтін Үндістанның солтүстігіндегі Дарамсалада да шерулер өтті. Онда көтерілісшілердің бірі:

“Біз онда көп шерулер болғанын көріп отырмыз. Оған себеп - қазір Тибетте біздің көптеген бауырларымыз бен қарындастарымызды қытайлықтар өлтіріп жатыр. Сондықтан, біз бұл қарсылық шаралары мен шерулерді өткізіп жатырмыз”, - деген.

Қытай билігінің айтуынша, бұл көтеріліс Бейжиннің жазғы олимпиадаларын болдырмау мақсатында жасалып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG