Accessibility links

Қытай баспасөзі полиция Тибет ереуілшілерін өлтіргенін мойындады


Қытай мемлекеттік баспасөзі Қытай полициясы кейбір Тибет ереуілшілерін өлтіргенін алғаш рет мойындады. Полиция өзін қорғау мақсатында Сычуань провинциясында жексенбі күні төрт Тибет азаматын өлтірді делінеді. Осылайша Қытай ресми баспасөзі Тибет ереуілі Қытайдың батыс аймақтарына өткенін де алғаш рет мойындады. Қытай үкіметі ереуіл аймағына батыс елдері журналистерін кіргізбей отырғандықтан, адам шығындарын нақты білу мүмкін емес. Қытай үкіметі бүлік салдарынан 13 адам қаза тапты десе, Тибет белсенділері 100 шақты адам өлтірілді дейді. АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс Қытай үкіметі мен Тибет ереуілшілерін сабырға шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG