Accessibility links

Баспасөзге шолу. 03.21.2008 жыл


Жұма күнгі басылымдар «Наурыз мейрамы» тақырыбына, Сауд Арабия ханзадасының Қазақстанға сапарына назар аударыпты. Сонымен бірге Қазақстанда қабылданбақ «аутокөлік жүргізудің жаңа ережесі» туралы заң жобасы басылымдарда қызу талқыға түсіп отыр. Рахат Әлиев пен оның әкесі Мұхтар Әлиев төңірегіндегі әңгімелер де бірқатар басылымдар назарына ілігіпті.

«Казахстанская парвда» газеті «ертең Наурыз мейрамы құрметіне Қазақстанның барлық аймағында тұңғыш рет жаппай, дәстүрлі аламан бәйге, қыз қуу және көкпар болады» дей келе, «Алдағы уақытта баға тұрақты болады» деген мақаласында Үкімет наурыз айының көрсеткіштеріне қарап, «инфляцияны межеленген 10 пайыз деңгейде ұстап тұра алдық» деген қортынды жасағаны туралы айтады.

«Экспресс К» газеті Павлодарда картоп бағасы 40 теңгеден 75 теңгеге бір-ақ секірді депті.

Интернеттегі kub.info сайты «Взгляд» газетінен алып басқан «Бұл мемлекеттің түбіне жемқорлық жетеді» деген мақаласында, Алматы әкімшілігі орта және шағын бизнес департаментінің бұрынғы басшысы Серік Тұржановпен сұхбатын беріпті. Онда автор «біз бұл күндері меншік бөлісудің келесі кезеңінің мәреге жетіп қалғанын көріп отырмыз. Қазақстандағы қаржы саласынынң дағдарысы бәріне де белгілі себептерге ғана байланысты емес, ол бір ірі қаржылық топтардың екіншісінің байлығын тартып алуға деген ұмтылыстан пайда боп отыр. Бағалардың қымбаттауы кейде қолдан жасалып жатыр. Орта және шағын бизнеске толассыз жасалып отырған қысым, банк жүйесінің тығырыққа тірелуі, бәрі де тұтыну бағасының күрт өсуіне әкеп соғады. Біз қазір оның пұшпағын ғана көріп отырмыз, ал «жемісі» күз бен қысқа қарай болады» депті.

«Республика» апталығы «Тұрмыс сананы билейді» деген мақаласында «Егер Астана жанұяға қатысты бір банктен басқа банктердің барлығын акцияларынан бас тартуға не бөлісуге мәжбүрлеп жатқанын ескерсек, неге бағаның және инфляцияның шарықтап бара жатқанын түсінуге болады» деп айтыпты.

«Деловая неделя» апталығы «Қарызды қайтару кестесі бойынша сату» деген мақаласында «ЦенрКредит» банктің 30 пайыз акциясын кәрістердің Kookmin банкіне сатуы «бір жағынан шетелдік банктердің Қазақстанға ене бастағанын айқындаса, екінші жағынан банктердің шет елден алынған қарыздарды биыл қайтару керектігінен туындап отыр. Ал осы жағдайда банктерге көмек берудің орнына Астана осыған үнсіз қарап отыр» депті. Осы апталық «Пансионаттар – қазақтардыкі, жер – қырғыздардікі» деген мақаласында Ыстықкөл жағасындағы кеңестік кезеңде Қазақстан салған бес шипажайға қатысты екі еле арасындағы даулы мәселе әлі шешілмей келе жатқаны туралы жазыпты.

«Экспресс К» газеті «Экстремизм зұлымдығы» деген тақырыппен Қазақстандағы әртүрлі діни ағымдар туралы үлкен топтама беріпті.

Интернеттегі nachnem.kz сайты саясаткер Болат Әбіловтің: «Рахат Әлиев өз адамдары арқылы бізге шықты, бірақ біз оның аулақ жүруін сұрадық» деп айтқанын жазады.

camonitor.com сайты академик Қамал Ормантаевтың Мұхтар Әлиев кешірім сұрауы керек деген пікірі жарияланған мақаласында академик Ормантаев: «Мұхтар Әлиев «Халық қаһарманы» атағына лайық емес, ол оны өзі қайтарып беруі керек» депті.

«Караван» апталығы «Бюджеттегілердің төзімі таусылуға таяды» деген мақаласында «дәрігерлер мен мұғалімдер өкілі бюджет мамандары жалақыларының төмендігінен кәсіподақ арқылы үкіметті сотқа бермек» деп айтыпты. Сонымен қатар осы апталық «Жезкент: жарқын өткен шақ, бұлыңғыр болашақ» деген мақаласында, Шығыс Қазақстандағы Жезкент қаласының шахтерлері ереуіл алдында деп жазыпты. Тағы бір «Біздің полицейлердің қылмыстық тәбеті» деген мақаласында Қазақстан полицейлері «қай облыста, қандай мөлшерде, не үшін» пара алатыны туралы зерттеу бере отырып, «Құрт ауруы елді кезіп жүр» деген мақаласында «Қазақстан туберкулез ауруы бойынша ТМД елдерінің көшін бастап келеді» депті.

«Айқын» газеті Алматы маңындағы «Шаңырақ» елді мекенін су басып «заңсыз салынған 500-ге жуық үй су астында қалды. Тіпті алғашқы тоғыз баспананың шаңырағы ортасына түссе, бірсыпырасының қабырғалары жарылып тұр» деп жазады.

«Деловая неделя» апталығы «Базис-А» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Александр Беловичпен сұхбатында ол: «Алматыдағы Республика алаңының астына салынып жатқан «Алмалы» орталығы қаланың бет пердесі болады деп айтты» деп жазады.

«Заң газеті» «31-ді алғаны – аяғыңнан шалғаны, «Хабарды» келіп алғаны, қолқаңа қолды салғаны» деген мақаласында «Хабарды» кім алуы мүмкін?» деген сауал төрігінде үш болжам айтыпты.
XS
SM
MD
LG