Accessibility links

Қытай Далай Ламаны Бейжин олимпиадасын кепілдікке алып отыр деп айыптады


Қытай Тибеттің қуғындағы будда жетекшісі Тибетте террорлық жасап, Бейжиннің жазғы олимпиадасын кепілдікке алып, аймақтың коммунистік жетекшілерін биліктен кетірмекші деп айыптады. Қытайдың коммунистік партиясының ресми газеті, Далай Лама 1959 жылы Қытайдан қашып шыққаннан кейін ешқашан қақтығысты тоқтатқан жоқ деп жазған. Бұл айыптаулар екі аптадан бері Тибет астанасы Лхаса мен басқа да қалалардағы қытайға қарсы көтерілістерден кейін айтылып отыр. 1989 жылы Нобел сыйлығын алған Далай Лама көтерілісті ұйымдастырды деген айыптауларды жоққа шығарып отыр. Кеше Еуропалық парламент төрағасы Ханс Герт Поттеринг, егер Қытай тибеттің рухани жетекшісі Далай Ламамен келіссөз өткізуден бас тартса, Бейжиннің жазғы олимпиадалық ойындарына байкот жариялау дұрыс қадам болар еді деп айтты.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG