Accessibility links

Ирақтың оңтүстігінде “Әл-Маһди армиясына” қарсы соғыс операциясы басталды


ӘЛ-БАСРА: Бүгін Ирақтың оңтүстігіндегі Әл-Басра қаласында жергілікті қауіпсіздік күштері мен шийттердің бітіспес серкесі Мұқтада Ас-Садрдың қарулы құрамасының арасында кескілескен шайқас басталды. Қала полициясы Ас-Садрдың “Әл-Маһди армиясына” қарсы соғыс операциясын бастағанын растады. Оның мәліметі бойынша, атыстың барысында кем дегенде 4 бейбіт тұрғын оққа ұшып, тағы талай адам жараланды. Британ қарулы күштері өкілінің айтуына қарағанда, бұл операцияның барысын Ирақ премьер-министрі Н.Әл-Мәликидің өзі тікелей бақылап отыр. Бұл шайқасқа британ әскері қатыспайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG