Accessibility links

Ирақтың Әл-Басра қаласында оққа ұшқан тұрғындардың саны 12-ге жетті


ӘЛ-БАСРА: Бүгін Ирақтың оңтүстігіндегі Әл-Басра қаласында жергілікті қауіпсіздік күштері мен шийттердің бітіспес серкесі Мұқтада Ас-Садрдың қарулы құрамасының арасында кескілескен шайқас басталып, қала полициясы Ас-Садрдың “Әл-Маһди армиясына” қарсы соғыс операциясын бастағанын растады. Соңғы мәліметке қарағанда, атыстың барысында кем дегенде 12 адам оққа ұшып, тағы ондаған кісі жараланды. Бұл операцияны Ирақ премьер-министрі Н.Әл-Мәликидің өзі тікелей бақылап отыр. Бұл шайқасқа британ әскері қатыспайды. Ас-Садр егер бұл операция тоқтамаса, халықты билікке қарсы көтеретінін ескертті.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG