Accessibility links

Шаңырақ пен Бақай тұрғындарын Алматы әкімінің тепкісінен қорғайтын ұйым тіркелді


АЛМАТЫ: Алматы қаласы әкімдігінің “Шаңырақ”, “Бақай” сынды шағын аудандары тұрғындарының баспана-үйлерін қиратып, жер телімдерін күштеп тартып алуынан кейін құрылған «Шаңырақ» pеспубликалық қоғамдық бірлестігі Қазақстанның Әділет министрлігінде ресми тіркеуден өтті. 2006 жылғы осы қайғылы оқиғаның ізімен пайда болған қоғамдық бірлестік азаматтардың құқын, олардың жер телімдері мен баспаналарын қорғауды өзінің бірінші кезектегі міндеті деп біледі. Бірлестік мүшелерінің бірі Дос Көшім осылай деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG