Accessibility links

Ирақтың Басра қаласындағы қақтығыстан кемінде 40 адам қаза болды


Ирақ ресмилері ирақтық күштер мен АҚШ әскерінің Муқтада әл Садрдың шиит жауынгерлерімен Басра қаласындағы шайқасынан кемінде 40 адам қаза тапты деп хабарлап отыр. Және онда 200 шақты адам жараланған. Мыңдаған ирақ жасағы әл Садр Мехдидің жауынгерлерінен елдің оңтүстігіндегі қалаға бақылауды алу мақсатында орналастырылған. Бүгін Ирақ премьер министрі Нури әл Мәлики содырларға қаруларын 72 сағаттың ішінде тастауға уақыт берді. Бағдадтың өзінде ирақтық және американдық күштердің әл Садр қолдаушыларына қарсы қақтығысынан кемінде 15 адам қаза тауып, 100 шақты кісі жараланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG