Accessibility links

Ирақтың оңтүстігінде Мұқтада әл-Садр жасақтары күйретілген сайын оның Бағдаттағы бірнеше ондаған мың жақтастары кектенуде


Екі миллиондай шиитер тұратын Бағдаттың Садр қаласында шерушілердің үлкен тобы, АҚШ-тың қолдауындағы үкімет басшысы Нури әл-Маликидің қызметінен кетуін талап етіп, айқайласты. 27-ші наурыздың кешінен бастап, 30-ына дейін Бағдатқа коменданттық сағат енгізіліп отыр. Мақсат – Ирақ күштері мен шиит жауынгерлері шайқасын шектеу. Әл-Малики болса, әл-Садрдың Махди армиясының наурыздың 28-іне дейін қаруын тапсыруын ескерткен болатын. Әйтпесе, шаралар қатайтыла түспекші.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG