Accessibility links

Далай Лама Тибет дағдарысына байланысты әлемнен көмек сұрады


Бүгін Тибеттің қуғындағы рухани жетекшісі Далай Лама Тибет мәселесіне байланысты әлемдік қауымдастыққа қайрылып, өз отанындағы дағдарысты реттеуге көмектесуге шақырды. Нью Делидегі баспасөз мәслихатында Далай Лама:

«Бізде әділет, шындық және ашықтықтан басқа күш жоқ», - деген.

Ол өзінің әйтпесе бұл тұрғыда еш қауқарсыз болып, тек мінәжат ете алатынын ғана айтты. 1959 жылы Қытай билігіне қарсы көтерілістен кейін Үндістанға қашып шыққан Далай Лама Қытай билігін қазіргі көтеріліске байланысты тағы да келіссөзге шақырды.
XS
SM
MD
LG