Accessibility links

Грузия НАТО саммиті алдында жікшіл аймағына келісім ұсынды


Бүгін Грузия НАТО саммиті алдында өзінің жікшіл аймағы Абхазияға билікті бөлісу келісімін ұсынды. Осыған дейін НАТО-ға мүше кейбір елдер Грузияның жікшілдік қақтығыстары аймақты тұрақсыздандырады деген. Президент Михайл Саакашвили Абхазияға Грузияның вице президенті қызметін, еркін сауда аймақтары мен парламенттен орындар және біріккен кеден қызметтерін және қауіпсіздік қызметтерін біріктіруді ұсынды. Грузияның Абхазия мен Оңтүстік Осетия аймақтары 1991 жылы Совет Одағы құлаған соң Тбилисиден бөлініп шыққан. Оларды Ресей қолдайды, бірақ олардың жариялаған тәуелсіздігін ешбір ел мойындамаған.
XS
SM
MD
LG