Accessibility links

Ирақ үкіметінің радикалды шиит Мехди Армиясы жауынгерлеріне қарсы операциясы жалғасып жатыр


Бүгін Құрама Штаттар мен Британияның соғыс ұшақтары Ирақтың Басра қаласы маңында орналасқан шиит жауынгерлерін нысанаға алып әуеден соққы берді. Британия әскерилері ақпарат өкілдеріне айтқанында, одақтас күштер бұл шабуылды Ирақ әскерилерінің сұрауымен жасады деген. Бұл одақтас күштердің сейсенбі күні басталған шиит жауынгерлеріне қарсы операцияларға қатысуы бірінші рет болып отыр. Ирақ күштері Мехди Армиясының бақылауындағы оңтүстікті алу мақсатындағы шабуылы кезінде 130-дан аса адам қаза болды. Ирақ премьер министрі Нури әл Мәлики шиит жауынгерлеріне сәуірдің 8-іне дейін қаруларын тастауға уақыт берді.
XS
SM
MD
LG