Accessibility links

Араб елдері Ливанды президент сайлауға үндеп отыр


Араб жетекшілерінің Дамаскідегі кездесуі Ливан елін Бейруттағы саяси дағдарысты шешу үшін бірауыздан президент сайлауға шақырып отыр. Бүгін саммиттің соңына дайындалған қарар жобасында, ливандық партиялар ұлттық бірыңғай үкімет құруға тырысуы керек делінген. Араб лигасының Сириядағы бұл саммиті Араб әлемінде саяси ыза-кернеуге негіз болып, көп елдің жетекшілері бұл жиынға бойкот жариялап немесе төменгі деңгейдегі өкілдерін жіберді. Сауд Арабиясы, Мысыр және Иордания Сирияны Ливанның созылып кеткен дағдарысына кінәлап отыр. Дамаскі ол айыптауды қабылдамай отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG