Accessibility links

Ресейлік тілшінің өліміне қатысты екі тәжік ұсталды


Интерфакс агенттігі хабарлағандай, осыдан бір апта бұрын Мәскеудегі пәтерінде өлтірілген дағыстандық журналистің өліміне қатысты деген күдікпен Тәжікстанда екі адам қамауға алынған. Тәжік полициясының өкілі ол туралы ақпаратты Душанбеге келген мәскеулік тергеушілер бергенін айтады. Екі күдікті де тәжік азаматы. Өрт сөндірушілер наурыздың 21-күні тележурналист Ильяс Шурпаевтың пәтеріндегі өртті сөндіруге келгенде, оның мәйітін тапқан. Шурпаев Мәскеуге Дағыстаннан келген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG