Accessibility links

Таяу Шығыстағы тыныштықты сақтауға Израиль де, Палестина да бірдей жауапты


ИЕРУСАЛИМ: Израиль бейбіт келіссөзді қайта жалғастыруға жағдай жасау шарасының бір бөлігі ретінде Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы 50 күзет постын жабуға уәде берді. Ол туралы кеше АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс пен Израильдің қорғаныс министрі Э.Барактың және Палестина премьер-министрі Салам Файадтың Иерусалимдегі 3 жақты кездесуінен кейін ресми түрде жарияланды. Оның алдында кеше Райс ханым Таяу Шығыстың тыныштығын сақтауға Израиль мен Палестинаның да жауапты екенін атап көрсеткен болатын.
XS
SM
MD
LG