Accessibility links

Ас-Садр өзінің үзеңгілестерін атысты доғаруға шақырған соң, Бағдадтағы комендант сағат тоқтатылады


БАҒДАД: Бағдад қаласындағы ауыр шайқастарға байланысты осыдан 3 күн бұрын орнатылған комендант сағаты бүгін тоқтатылады. Ирақтағы шийттердің бітіспес көсемі М.Ас-Садр өзінің қарулы құрамаларын Әл-Басра, Бағдад және т.б. қалалардағы үкімет күштеріне қарсы шайқастарын тоқтатуға шақырған соң, үкімет осындай шешімге келді. Ирақ премьер-министрі Ас-Садрдың әрекетін “оң қадам” деп бағалады. Үкімет әскері мен қарулы жасақтардың арасында өткен сейсенбіде басталған кескілескен қақтығыстардың салдарынан 240-тан астам адам қаза болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG